ШҚО-да 529 жер үйдің пешінен ақау шықты

Көп ұзамай жылыту маусымы басталады. ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері түсіндіруді бастап кетті.
Құтқарушылардың айтуынша, жылыту маусымында пеш жағатын жеке тұрғын үйлерде өрттер мен көміртегі тотығымен улану жағдайлары көбейеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар электр құрылғыларына жүктеменің артуы мен үйде темекі шегу де өрт қауіпсіздігінің бұзылуына әкеледі.
ШҚО ТЖД қызметкерлері 3574 әлеуметтік қорғалмаған отбасы тұратын үйлерді 100 % аралап шықты. Оларда қазіргі уақытта өңірде көміртегі тотығы датчиктері орнатылуда.
Сонымен қатар мамандар пешпен жылытылатын 1800-ден астам тұрғын үйді тексеріп, 529 құқық бұзушылық анықталған.
Пештің есігінің астындағы еденге кем дегенде 70х50 см металл парақ шегеленуі керек. Бұл - еженді пештен түсетін шоқтан қорғайды.
Өрт қауіпсіздігі ережелеріне салғырт қарау өртке ғана емес, адам шығынына да әкелуі мүмкін.