KZ
Өскемен
+25°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
475.18 510.72 5.47

ШҚО-да балабақша кезегіне қалай тұруға болады?

pexels.com

30.06.2024, 13:00 76 Назерке Каримова

Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді.

28 маусымнан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою қолжетімді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Өскемен қалалық білім бөлімі ақпаратына сүйеніп.

22 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысында кезектілік бойынша мәліметтерді Бірыңғай базаға көшіру басталып, кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімі тоқтатылған болатын.

Кезекке қоюға өтінішті Электрондық үкімет порталы (egov.kz) немесе balabaqsha.snation.kz цифрлық платформасы арқылы тіркеуге болады.

Мемлекеттік қызметтерді алу үшін төмендегі сілтемелер бойынша өтуге болады:

https://balabaqsha.snation.kz/ru/vko

https://egov.kz/cms/ru/services/pre_school/037pass_mon

Талап етілетін құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының электронды құжат нысанындағы өтініші;

2) әскери қызметкердің немесе арнаулы мемлекеттік орган, құқық қорғау органдары, фельдъегерлік байланыс қызметкерінің жұмыс орнынан берілген, мөр басылған және уәкілетті тұлғаның қолы қойылған анықтаманың электронды көшірмесі (бар болған жағдайда) (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);

3) ұйым басшысының мөрімен және қолымен расталған педагогтің, медициналық қызметкердің жұмыс орнынан анықтама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды), дипломның электронды көшірмесі;

4) мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болған жағдайда);

5) санаториялық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезекке қою кезінде фтизиатр-дәрігер берген құжаттың электронды көшірмесі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив