KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
442.05 474.14 4.74

Биыл еліміз бойынша балабақшалардағы орын саны 77 мыңға көбеймек

Фото: ru.freepik.com

9.04.2024, 22:37 586 Ержан Әбіш

2023-2027 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу жоспары бойынша биыл балабақшалардағы орын саны 77 мыңға көбейеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы жылдың үш айында 8849 орынға арналған 125 мектепке дейінгі ұйым ашылған.

– Жаңа орындар ашу мектепке дейінгі ұйымдарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту, мектептер жанындағы, тұрғын үйлердің бірінші қабатындағы шағын орталықтар желісін кеңейту, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы көзделуде. Соңғы бес жылда балабақшаға кезек екі есеге төмендеді. Бүгінде 2-6 жастағы балаларды қамту – 91%. Биыл бұл көрсеткішті 92,5%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.  

Сонымен қатар балабақшаларда орындарды бөлу процесінің ашықтығы үшін кезектілікті есепке алудың бірыңғай базасы құрылды. Өтінішті электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, жергілікті атқарушы органдардың платформалары арқылы беруге болады.

Жалпы елімізде 11 472 мектепке дейінгі ұйым бар, оларға 1 миллионға жуық бала барады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив