Балабақшаға кезекке қою қызметі уақытша тоқтады
pixabay.com
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына кезектілік бойынша мәліметтерді Бірыңғай базаға көшіру басталды.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында кезекті есепке алудың Бірыңғай базасы әзірленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО Білім басқармасы ақпаратына сүйеніп.
Өтінішті электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары, жергілікті атқарушы органдардың платформалары арқылы беруге болады.
Жаңа модель отбасылық сұраныстарға негізделген төрт балабақшаны таңдауға мүмкіндік береді.
Осы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәліметтерді көшіру процесі аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Ал нақты мерзімін білім басқармасы қосымша хабарлайды.