KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Ертіс шахтасындағы жазатайым жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр

pexels.com

31.08.2024, 20:30 121 Назерке Каримова

Ертіс шахтасында болған қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты KAZ Minerals Тобы ақпаратына сүйеніп.

- 31 тамызда шамамен 17.30 сағатта Ертіс шахтасында кәсіпорынның екі қызметкерінің және мердігер ұйымның екі қызметкерінің мәйіттері табылды. Алдын ала себебі - газбен улану, - деп хабарлады KAZ Minerals Тобы. -Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals тобының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Ертіс шахтасына барды.


KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді.

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі (тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады ШҚО ПД. -Тергеу жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу