KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 1 м/с, СШ
474.71 511.74 5.54

«KAZ Minerals» компаниясы үшін арнайы мамандар даярланады – Даниал Ахметов

9.10.2019, 10:28 168

Премьер-Министр Асқар Мамин ШҚО-ға жасаған іссапары барысында «KAZ Minerals Ақтоғай» өндіріс орынының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«KAZ Minerals Ақтоғай» әлем бойынша мыс кенін ашық әдіспен өндіретін ірі өндіріс орыны болып саналады. Мұнда жұмыс тотықтандырылған кен және сульфидті кен бойынша екі бағытта жүргізіледі. Бұл жердің минералды ресурсы – 1,7 миллиард тонна. Ал кендегі мыс 5,8 миллион тонна.

KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачуктың айтысынша, кәсіпорынның өнімі былтырғыдан 27 пайыз артқан. Өнім мөлшері 2018 жылы 19,1 миллион тонна болса, биыл – 24,2 миллион тоннаға жеткен.

– Кәсіпорында озық технологиялар қолданылады. Олар әлем бойынша өзіне ұқсас ешбір технологиядан кем емес. Сондай-ақ өңірдегі университет пен колледждерде арнайы осы кәсіпорын үшін жоғары білікті мамандар даярланады, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив