ШҚО-дағы шахталардың бірінде екі жұмысшы қаза болды
KAZ Minerals Тобы "Шығыстүстімет" ЖШС-не қарасты Орлов өндірістік кешенінің шахтасында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
KAZ Minerals Тобы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылғы 16 маусым сағат 22:00 шамасында жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде Орлов шахтасының екі жұмысшысы қаза тапқан. Тағы бір зардап шеккен адам медициналық тексеру жүргізу үшін Бородулиха аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қазір оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда. Жағдайдың себептерін тергеп-тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтасады. Компания зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсететін болады.