KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 10 м/с, ОШ
521.9 593.5 6.39

ШҚО-да тағы бір жұмысшы шахтада қайтыс болды

18.07.2019, 09:20 235

ШҚО-да тағы бір жұмысшы шахтада қайтыс болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы KAZ Minerals-тың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Дереккөздің ақпаратына сүйенсек, 17 шілде күні «Востокцветмет» ЖШС Артемьев шахтасының аумағында жарылыс жұмыстарын жүргізген Samid мердігерлік ұйымының қызметкері қаза тапқан.

– Оқиға орнындағы барлық жұмыс тоқтатылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайы мен себеп-салдары анықталуда. Тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілдеде дәл осындай қайғылы оқиға «Востокцветмет» ЖШС-ның Орлов шахтасында болған еді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу