KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Тұңғыш рет! “Shygys BOOK FEST - 2024 - шығыс жұртына +1 фестиваль

Кеше, 21:00 60 Назерке Каримова

Облыс орталығындағы Арбатта биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған “Shygys BOOK FEST - 2024” кітап фестивалінде  шығысқазақстандықтар жерлес ақын-жазушылардың шығармашылығымен, сиясы әлі кеппеген жаңа туындылармен танысты, - деп хабарлайды Altainews.kz  тілшісі.

Кітапсүйер қауым фестивальға Астанадан арнайы келген танымал жазушы Жәди Шәкенұлымен жүздесіп, қаламгердің қолтаңбасы қойылған шығармаларына қол жеткізді.

Облыс орталығында осындай кітап фестивалін өткізу туралы ұсынысты өңірдің зиялылары көтерген еді.

- Бүгін сол ұсынысты облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, шаһарымыздағы кітапханалардың ұйымдастыруымен жүзеге асырудың сәті түсті. Негізгі мақсаты - жастарды кітап оқуға баулу, жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармашылығымен таныстыру. Бұл шараны аға және жас буын өкілдерінің сабақтастығы деуге де болады. Сонау Астанадан көрнекті жазушымыз Жәди Шәкенұлы арнайы келді. Осы жерде ол кісінің сиясы әлі кеуіп үлгермеген туындыларының тұсаукесері болады, - деді А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың директоры Назым Ерназарқызы.


Ал жазушы Жәди Шәкенұлы:

- Кітап фестивалі қыркүйектің мамыражай шуақты күндерінің бірінде өтіп жатыр. Ертістің жағасында өскендігімнен бе, әлде Алтайдың құшағында ержеткендігімнен бе, Алтайды жырлау, Алтай туралы толғау мен үшін бір бақыт, - деп қуанышымен бөлісті.


Қаламгер бүгінде жастарымыздың кітап оқитынына сенімді, оған өзімен шығармашылық кездесулерге келетін, туындыларын іздеп жүріп сатып алатын кыз-жігіттер куә.

- Қазақ жастары тарихи шығармаларды оқып, еліміздің, жеріміздің қиын тағдырын, тарихын біліп өссе, ертең елімізге алаңсыз қызмет етеді деп сенемін, - деп атап өтті жазушы. 


Фестиваль барысында өскемендіктер мен қала қонақтары «Шабыт» жастар театрының миниатюраларын тамашалап, жастарымыз оқыған өлең-жырлармен сусындады. Қолөнер шеберлері мен суреттер көрмесі, балаларға арналған әртүрлі шаралар да жиналғандардың көңілінен шықты.

–        Бүгін өте қызықты іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Өскемендегі кітап клубтары кітаппен алмасуды ұсыныпты.  Келушілер оқыған кітабының орнына таныс емес басқа шығарманы алып жатыр. Одан басқа балаларға қызықты викторина, ойындар өткізілуде. Төрт жасар қызыма ертегі кітабын сатып алдым, балаларға арналған қазақ тілінде де кітаптардың болғаны қуантты, - дейді өскемендік Ақерке Оспанбаева.


Фестивальда  өңірлік баспалар, атап айтқанда "ALTAI-NEWS" медиа орталығы өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды.

“Shygys BOOK FEST - 2024” кітап фестивалін ұйымдастырушылар бұл шара алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрмақ деп отыр.

 

Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив