KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тарбағатай ауданында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды

ШҚО Білім басқармасынан

28.09.2024, 15:00 1 236 Назерке Каримова

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті Ақжар ауылында ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде диагностика, түзете-дамыта оқыту, ата-аналарға кеңес беру, оқу-әдістемелік негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізіледі.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің негізгі міндеті - баланың дамуындағы мәселелерді шешуге көмектесу және оны мектепке дейінгі ұйымдарда немесе жалпы білім беретін мектептерде әлеуметтенуге дайындау. Енді 0-ден 18 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар түзету қолдауымен қамтылады, ал ата-аналар білікті мамандар тобынан уақтылы консультациялық көмек ала алады. Бір курста мұғалімдер 40-тан астам баланы қабылдай алады.

- ППТК материалдық-техникалық базасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін толығымен бейімделген, бұл олардың білім алуының қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады: пандустары, кең есіктері және тактильді белгілері бар кедергісіз орта құрылды; заманауи талаптарға сай жабдықталған логопед, психолог және дефектолог кабинеттері, Монтессори-класс, ЕДШ залы, музыкалық-ритмика сабақтарының залы, тұзды және сенсорлық бөлме, қысқа мерзімді болу тобына арналған кабинет бар, - деп мәлімдеді білім басқармасының баспасөз қызметі.


Жаңа кабинет жұмысындағы басты бағыт - дамыту бағдарламаларын іске асыру және дағдыларды дамытуға, мінез-құлықты түзетуге және эмоционалды қолдауға бағытталған жеке/топтық сабақтар өткізу, бұл, сайып келгенде, балаларға инклюзивті білім беру жағдайында оқуға және қоғамда әлеуметтенуге көмектеседі.

Мұнда көрсетілетін қызметтер ақысыз екенін ескере кеткен жөн.

ППТК мекенжайы: Ақжар ауылы, Рысқұлов көшесі 69, тел: 8 7014545914; эл.поштасы: kppk_tarbagatai@mail.ru.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу