ШҚО-ның үш ауданында коррекция кабинеттері ашылады
шартты сурет: depositphotos.com
ШҚО-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға жіті назар аударылып келеді. Биыл арнайы білім беру жүйесіндегі қызметтер қолжетімді бола түсті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мәселен, Тарбатағай ауданында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды, Өскеменде түзеу кабинеті кеңейтілді, сондай-ақ осы мекемеде «Дара» қоры мен «Шеврон» компаниясының демеушілігімен Қазақстандағы алғашқы ерте қолдау қызметі ашылды, онда ата-аналар мамандар көмегіне жүгіне алады.
Сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілгеннен кейін 240 орындық жеке балабақша ашылды, оның 74 орны арнайы және инклюзивті топтарға тиесілі.
Жазда облыс орталығында тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия кабинеті ашылды (барлығы 4), ол балаларды тексеруге кезектілік мәселесін шешті. Өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп бала тексерілді.
Жыл соңына дейін түзеу қызметтерімен қамтылған балалардың үлесі Катонқарағай, Тарбағатай, Самар аудандарында психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерін ашу және Өскемендегі психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетін кеңейту есебінен 97%-ды (10902 бала) құрайды.