KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да 10 мыңнан астам бала ерекше білімді қажет етеді

24.02.2023, 11:07 382 Ләззат Қанатқызы

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру орталарына тарту, қоғаммен араластыру - өте маңызды.

Қазір облыста ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10896 бала тұрады (2340 мектеп жасына дейінгі, 8556 мектеп жасындағы), деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Облыстың барлық мектептерінде инклюзивті оқыту үшін толықтай жағдай жасалған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 6 арнайы мекеме, 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 8 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 1 оңалту орталығы, 1 аутизм орталығы, 1 девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат бар, - деп атап өтті ШҚО білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева.

Сонымен қатар, облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 4 білім беру ұйымы жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу