Аймақ басшысы: Егемендік туралы Декларация - еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан басты құжат
Бүгін Өскемен қаласындағы «Ертіс концерт» Республика күніне орай «Менің Қазақстаным» атты салтанатты концерт өткізуде. Іс-шараға облыстың белді азаматтары, мәдениет қайраткерлері және жергілікті тұрғындар жиналды.
Салтанатты шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев сөз алып, ел мен аймақтың дамуына үлес қосқан азаматтарға алғысын білдірді.
– Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан басты құжат. Берекелі бірлік пен ынтымақтың, әрбір азаматтың еңбегінің арқасында еліміз табысты дамып келеді. Халықтың жағдайын жақсартып, табысын арттыру үшін нақты шаралар қабылдануда, – деді аймақ басшысы.
Ермек Көшербаев өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекет ретінде қалыптасуында Республика күнінің тарихи маңыздылығына тоқталып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды ерекше атап өтті.
Оқи отырыңыз
ШҚО-да Республика күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтудеБүгін – Республика күніШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтадыЕрмек Көшербаев Республика күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімінде өңір мен елдің жетістіктерін атап өттіШҚО әкімі өңір жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады