KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

ШҚО әкімі өңір жұртшылығын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: arna-news.kz

16.12.2023, 10:23 138 Назерке Каримова

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев ұлық мерекеге орай өңір жұртшылығына құттықтау лебізін жеткізді.

Аймақ басшысы елдік үшін күрескен ерлердің есімін естен шығармау керектігін айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz.

- Бүгін еліміз басты және әр қазақстандық үшін жоғары маңызға ие мереке - Тәуелсіздік күнін атап өтуде. Бұл ұлттық бірліктің, елдік пен жарқын болашақтың символы. Осы жылдар аралығында біз демократиялық, құқықтық және серпінді дамып келе жатқан мемлекет құрдық. Басты құндылықтарымыз - үлкенге құрмет, ізгілік, келісім, ортақ мақсатқа жету жолында бейбітшілікті сақтап, оны арттыра білдік. Еліміздің өркендеуі, көк туының биікте желбіреп, айқын бағытта дамуы барлық қазақстандықтардың бір шаңырақ астында бірігуінің нәтижесі. Осы атаулы мереке күні республикамыздың барлық тұрғындарына амандық, бейбітшілік пен бақыт, кәсіби табыс тілеймін!
Тұғырлы Тәуелсіздік Күні құтты Болсын! - деді облыс әкімі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив