ШҚО-да Республика күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтуде
Бүгін "Ертіс концерт" КМҚК Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты салтанатты концерті басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Концерт Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Оны филармонияның балалар және жасөспірімдер ұжымдары орындап шықты. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев құттықтау сөз сөйлеп, Шығыс Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан азаматтарды марапаттайтын болады. Марапаттар қатарында мемлекеттік медальдар, құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтар болмақ. Бұл марапаттар экономика, өнеркәсіп, білім, мәдениет, ғылым және спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен азаматтарға табысталады.
Марапаттау рәсімінің соңында өңірдің үздік әртістері мен ансамбльдері өнер көрсетеді. Олар қонақтарға классикалық туындылардан бастап, заманауи композицияларға дейінгі әртүрлі музыкалық нөмірлерді ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлаймақ.