KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

ШҚО әкімі шығысқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады

25.10.2023, 17:45 172 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін еліміз басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Республика күнін атап өтіп жатыр.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, бұл күні шығысқазақстандықтар "Қазақстан" тауында мерекелік жарыс ұйымдастырғанын айтып өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ұзақтығы 1,5 шақырым болатын жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар да қатысты. Ұжымдарымен, отбасыларымен бірге келгендер де бар.

- Бүгін біз Республики күнін атап өтіп жатырмыз. Бұл ұлттық мерекенің еліміздің барлық азаматтарын бір шаңырақ астында біріктіріп отырғаны сөзсіз. Отанымызға деген сүйіспеншілік - рухани құндылықтарды бағалау, елдігіміз бен бірегейлігімізді ардақтау. Қазақстанымыздың өркендеуі мен гүлденуі жолында аянбай еңбек етіп, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету - біздің қолымызда. Шығысқазақтандықтар бүгінгі жеңістерін туған еліне арнап, кез-келген шыңдарды жеңуге дайын екендерін тағы бір мәрте дәлелдеді, - деді Ермек Көшербаев.

Бүгін мерекелік шаралар орталық алаңда да өтіп жатыр. Мұнда эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылған.

- Аймақтың орталық алаңдары мен көшелерінде мерекелік көңіл-күй орнап, көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке - ізгіліктің, бірлік пен елдіктің нышаны. Әр шаңыраққа амандық пен бақыт, құт-береке тілеймін, - деп аймақ басшысы жылы лебізін білдірді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив