Тарбағатай ауданы тұрғындарының жеке мәселелері тыңдалды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында өңір тұрғындарымен кездесіп, олардың жеке мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қабылдау кезінде азаматтар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым мәселелерін көтерді.
Әрбір тұрғынның өтініші мен сұрағы мұқият қаралып, тиісті шешімдер қабылдау үшін аудандық және облыстық басқарма басшыларына тапсырмалар берілді.
Нұрымбет Сақтағанов қабылдау соңында азаматтардың өтініштері ескерусіз қалмайтынын және олардың шешімі қатаң бақылауда болатынын айтты.
Бұл кездесу – облыс басшылығының халықпен кері байланыс орнатуға, тұрғындардың ұсыныс-тілектерін назарға алуға бағытталған жұмыс жоспарының бір бөлігі.
Төлеуғазы Жансая