KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Күршімде қоқыс өңдеу зауыты салынуы мүмкін

1.11.2023, 19:04 401

Бұл туралы Күршім ауданы тұрғындарымен кездесу барысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев айтты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Күршім ауылында лас суды тазартатын кәріз жүйесі 10 жылдан бері жұмыс істемейді. Сонымен қатар жұртшылық ауданда қоқыс өңдейтін зауыт салынса деген тілектерін білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев  қоқыс өңдейтін зауытты инвесторлар арқылы салуға болатынын жеткізді. 
Естеріңізге, салсақ, қазір Күршім ауданы, Күршім ауылының Мәдениет үйінде еліміздің экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу