KZ
Өскемен
-16°
пасмурно жел 1,3 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Күршім аудандық ауруханасындағы мәселелер бақылауда болады – Н. Сақтағанов

1.11.2023, 20:03 270

Бұл туралы Күршім ауданы халқымен кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берген облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов айтты. 
ШҚО әкімінің бірінші орынбасары аудандық ауруханадағы үшінші корпус құрылысының тоқтап қалғаны және балалар тіс дәрігерінің жоқтығы бойынша мәселені жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Жиында ауданға қарасты ауылдық мектептердің материалдық-техникалық базасы туралы да мәселе көтерілді. Кейбір тұрғындар дене шынықтыру сабағына қажет доптарды өз қаражаттарына алған. 
Нұрымбет Сақтағанов бұл ретте жергілікті басшылыққа бизнесте жетістікке жетіп жүрген түлектермен де жұмыс істеу керектігін айтты. Өзге аудандардағы тәжірибеге сүйеніп, білім ордасына жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін атап өтті.
Ауыл тұрғындарының бірі мектептерге әдеп-ғұрып пен имандылық сабағын енгізуді ұсынды. Нұрымбет Аманұлы бүгінгі таңда мектептерде бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп отырғанын, бұл жұмыстардың назардан тыс қалмайтынын айтып, осы орайда ата-ана баласына үлгі-өнеге болуы керектігін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу