KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Нұрымбет Сақтағанов: «Референдум - тәуелсіз елдің еркін қадамының айғағы»

6.10.2024, 11:00 299 Төлеуғазы Жансая

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бүкілхалықтық референдумда азаматтық пікірін білдіріп, АЭС салу мәселесі бойынша өз даусын берді, - деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі. 

Өскемен қаласындағы №78 аумақтық уческесіне келіп дауыс берген Нұрымбет Аманұлы Қазақстан Республикасының азаматтары мұндай бүкілхалықтық науқанға жас мөлшеріне, әлеуметтік тобына қарамастан бір кісідей тұтас дауыс беруі маңызды екенін айтты.

-Халық үніне құлақ асатын мемлекет ретінде кез келген шешімді қазақстандықтардың пікірімен санаса отырып қабылдау заңды. Ал ел алдында тарихи, саяси-экономикалық маңызды мәселе қарастырылып жатқанда барша халықты тыңдау мақсатында референдум өткізіліп жатқаны - тәуелсіз елдің еркін қадамының айқын көрінісі, - деді Нұрымбет Сақтағанов. 

Тұрғылықты мекенжайы бойынша №48 мектепте өз таңдауын жасаған бірінші орынбасар бұл күні облыстың әр аумағында халық үнін тіркеу бойынша қызмет етіп жатқан комиссиялар мүшелерінің де еңбегі ерен екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу