KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Нұрымбет Сақтағанов Қыстау-Күршім ауылының тұрғындарымен кездесті

26.01.2024, 18:30 121

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Маралды ауылдық округіне қарасты Қыстау-Күршім ауылының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ауылда медициналық пункт, клуб бар. Нұрымбет Аманұлына жергілікті тұрғындар жайылымдық жердің жоқтығынан мал басының азаюына себеп болып отырғанын, заңсыз алтын қазушылар, жерімізді қазып, шұңқыр-шұңқыр қылып, қазған жерді ешкім қалпына келтірмей, табиғатқа зиян келтіріп жатқанын жеткізді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары қырдағы ағайынның көтерген мәселелері аяқсыз қалмайтынын атап өтті.

Сондай-ақ Нұрымбет Аманұлы Қыстау-Күршімдегі жалпы орта мектепке барып, білім ордасының жағдайымен танысты. Пәндік кабинеттерді аралап көрді. Мектепте 11 мұғалім, 39 бала білім алып жатыр.

Өз кезегінде ауылға келемін, жұмыс істеймін дейтін жас мамандарды "Бір қабатты Шығыс"  аймақтық жобасы бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік барын жеткізді.

 

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив