KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, С
498.65 589.06 6.49

ШҚО-да спортты қаржыландырудың жаңа үлгісі енгізіліп жатыр

28.11.2024, 18:00 211 Гульжан Мусина

ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағында 35 спорт мекемесі бар. Облыс бойынша жалпы бюджет шамамен 15 миллиард теңгені құрайды, оның 62%-ы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне бөлініп отыр, деп хабарлайды  Аltainews.kz тілшісі. 

– Қазіргі уақытта 26 спорт мектебін жан басына қаржыландыру жүйесіне көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл әдіс білім беру саласындағы қаржыландыру үлгісімен ұқсас және әрбір спортшыға жеке қаржы бөлуді қарастырады. Пилоттық жобалар Қарағанды және Ақтөбе облыстарында іске асырылып, 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің барлық өңірлерінде енгізіледі деп күтілуде, ­– дейді Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік-қаржы бөлімінің басшысы Азамат Қалиев спорт саласына қатысты көшпелі брифинг барысында. 

Сонымен қатар басқарма олимпиадалық спорт түрлері бойынша жұмыс істейтін 7 спорт клубымен бірлесіп, волейбол, футбол, хоккей, жеңіл атлетика, үстел теннисі және гандбол бағыттарын дамытуда. Спортшыларды дайындау сапасын жақсарту мақсатында ай сайын қаржыландыру мониторингі жүргізіледі. Қаржы көздерінің дұрыс бөлінуі мен спортшыларды сапалы дайындау – алдағы жазғы және қысқы олимпиадаларда табысқа жетудің кепілі.  

Басқарма өкілі спортшыларымыздың жоғары нәтижеге жетуіне жағдай жасау үшін бар күштерін салатынын жеткізді.

 Ержан Әбіш

Фото: Аяужан Утеулинова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу