KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 3,1 м/с, В
444.14 477.05 4.85

«20 жыл жөндеу көрмеген». Шемонаиха спорт мектебі қайта жаңартылды

11.09.2020, 09:46 98

Шемонаиха қаласында жасөспірімдер мен балалар спорт мектебіне жөндеу жұмыстары жүргізілді

Спорт нысаны 20 жыл көлемінде алғаш рет жөндеуден өтуде. 

- 20 жылда алғаш рет балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Шатыры жөнделіп, есіктері ауыстырылып, ғимарат сайдингпен қапталды және футбол алаңы абаттандырылды. Мектеп ғимаратының ішінде душ кабиналары, санитарлық тораптар, жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дене тәрбиесі сабақтарын бастау үшін ғимараттың үй-жайлары мен аумақтарын дайындауды қысқа мерзімде аяқтау керек, - дейді аудан әкімі Григорий Акулов.

Айта кетейік, аудандағы спорт мектебінен тыс дене шынықтыру-сауықтыру кешені де жөнделіп жатыр. 

- Ауданымызда дене шынықтыру-сауықтыру кешенініңе жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жұмыс қарқынды. "Алашқұрылыс" ЖШС нысанды 2020 жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Учаскеде қазір 32 адам жұмыс істейді. Фермаларды монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарымен қатар спорт кешеніне іргелес аумақты көгалдандыру үшін себінді материалдар әкелінді, - дейді аудан әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив