Елімізде 1,3 миллионнан астам бала спортпен жүйелі түрде шұғылданады
pexels.com
Республика бойынша 6-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны шамамен 4 000 000 адамды құрайды.
Ел бойынша 645 балалар-жасөспірімдер, 142 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтары бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм жəне спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын орындау мақсатында 2021 жылғы мамырдан бастап спорт секцияларын жан басына қаржыландыру арқылы мемлекеттік спорт тапсырысын іске асыру тетігі енгізілді.
Мектептерде спорттың 10 түрі бойынша ұлттық мектеп спорт лигалары, оның ішінде баскетбол, волейбол, футбол, футзал, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, қазақ күресінен спорттық жарыстар өткізіледі.