KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
494.63 583.22 6.42

Глубокое ауданында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй беріледі

28.11.2024, 18:55 442 Төлеуғазы Жансая

2024 жылы Глубокое ауданында 74 отбасы, соның ішінде көпбалалы отбасылар, тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен есептік кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында ауданда 24 екі пәтерлі үйдің құрылысы жалғасады. Атап айтқанда, Черемшанка ауылында бір екі пәтерлі үй салынбақ. Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға 74 пәтер сатып алу жоспарланған. Жалпы, 2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1441 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

– Облыстағы тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2024 жылы 400 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 769 пәтер жалдамалы тұрғын үй ретінде, ал 672 пәтер несиеге беріледі. Бұл шаралар азаматтардың, әсіресе көпбалалы отбасылардың, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және баспанаға мұқтаждарды қолдауға бағытталған, – деді Нұрымбет Сақтағанов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу