KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Қанша көпбалалы отбасы пәтер кезегінде тұр осы?

24.05.2019, 10:39 139

Биыл елімізде алты мың көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

«Бүгінде республикада 714 көп балалы отбасы баспанамен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында өңірлерде көпбалалы отбасыларға баспана беру басталды. 2019 жылғы 30 сәуірде ел Парламенті аталмыш мәселеге қатысты тұрғын үй қатынастары туралы заң қабылдады. Ағымдағы жылдың мамыр айында еліміздегі 1,2 мың көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр», – делінген хабарламада.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 32 мың көпбалалы отбасы тұр екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив