KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 3 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

ШҚО-да жыл соңына дейін мыңнан астам отбасы баспаналы болмақ

5.10.2020, 13:46 159

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерімен тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Өңірде көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Қазіргі уақытта облыста жеке құрылыс салушылардың қаражаты есебінен жалпы ауданы 37,5 мың шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 209 тұрғын үй салынуда. Бұл үйлер көпбалалы аналарға берілмек.

– Бүгінге дейін бұл санаттағы жерлестеріміз үшін жалпы ауданы 12,7 мың шаршы метр болатын 144 пәтерлік 78 тұрғын үйі пайдалануға беріліп қойды, – деп атап өтті облыс әкімі Даниал Ахметов. – Осы ретте, Зайсан ауданында көпбалалы отбасыларға арналған сегіз үй пайдалануға берілгенін айтқым келеді. Тағы сегіз үйдің құрылысы 1-ші желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс. Сонымен қатар, келесі жылы 50 үйдің құрылысы жалғасады. Ал Абай ауданында 13 үй салынуда. Бұл жұмыс қараша айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, былтыр облысымызда 563 көпбалалы отбасы жаңа үйлерге қоныстанса, осы жылдың соңына дейін тағы 1 047 отбасы баспанамен қамтамасыз етілмек екен. Бүгінге дейін 379 отбасы жаңа үйдің кілтіне ие болып қойған. Жалпы, жыл соңына дейін 668 аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу