Өскеменде сарбаздарға жауынгерлік қару табысталды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде жас сарбаздарға қару табыстау рәсімі өтті. Әскери оркестр сүйемелдеуімен жауынгерлік ту ортаға шығарылып, салтанатты түрде 140 сарбазға қару табысталды.
Іс-шараға әскери бөлім офицерлері, ардагерлер, сондай-ақ өзара бірлескен іс-қимыл жасайтын органдардың өкілдері қатысты.
Сарбаздар өздеріне тапсырылған қаруға бір жыл бойы жауапты болады. Отан алдындағы борышын адал атқаруға ант берген жауынгерлер Абай, Алматы, Түркістан облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Павлодар қалаларынан әскерге шақыртылғандар.
Алдағы уақытта мерзімді әскери қызметшілер Өскемен қаласындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысатын болады.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі