KZ
Өскемен
+14°
туман жел 2 м/с, ОШ
450.79 482.21 5.05

Сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салды - Өскемен

23.11.2022, 15:10 293 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонында Отан алдындағы борышын абыроймен өтеген 100-ден астам сарбазды шығарып салу рәсімі өтті.

Алматы және Ақмола облыстарынан келген жауынгерлер бір жыл бойы облыс орталығында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғап, әскери мамандықтарға ие болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әскери борышын өтеген сарбаздардың ата-аналарына грамоталар мен алғыс хаттар табысталды. Ал, үздік атанғандар әскери атақтар ие болып, "Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін" төсбелгілерімен марапатталды.

5518 әскери бөлімінің командирі полковник Бақытжан Құлбаев бір жыл бұрын шақырылған сарбаздар жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтары бойынша жақсы нәтижелер көрсеткенін атап өтті.

Айта кету керек, жауынгерлер арасында бөлім қолбасшылығының ұсынысы бойынша келісімшартпен әскери қызметші ретінде қызметін жалғастыруға шешім қабылдағандар бар және олар көп ұзамай 5518 әскери бөлімінде әскери қызметін жалғастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив