ШҚО-да қатты жел мен тұман күтіледі

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының деректері бойынша 22 ақпанда облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.
Өскемен қаласында түнде және таңертең қалың тұман түсуі ықтимал.
– Мамандар ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады. Көлік жүргізушілері жылдамдықты бәсеңдетіп, арақашықтықты сақтау қажет. Жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін мұқият болғаны жөн.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз,- делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз,- делінген ШҚО ТЖД хабарламасында.
Оқи отырыңыз