ШҚО-да дауылды ескерту

Фото: pexels.com
ШҚ филиалы «Қазгидромет» деректері бойынша, 28 қарашада түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, ал күндіз облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-18 м/с дейін күшеюі мүмкін. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман болжанады.
Желдің қатты екпіні кезінде келесідей қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:
Тез арада ғимарат ішіне кіріңіз.
Желден үй қабырғаларына, аялдамаларға, жарнама тақтайшаларына немесе ағаштардың астына тығылмаңыз.
Үзілген электр сымдары мен тербелмелі маңдайшалардан аулақ болыңыз.
Автокөлікті ескі, шіріген немесе жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз.
Мұндай метеорологиялық жағдайларда жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдықты шектегені жөн. Ал жаяу жүргіншілер жарақат алу қаупін азайту үшін абай болуға тиіс.
Төтенше жағдайларда «112» нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД