Тұман күтіледі: Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге ескерту

istockphoto.com
ШҚ филиалы «Қазгидромет» деректері бойынша, 20 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман болжануда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Азаматтарға маңызды ескерту:
-
Автокөлік жүргізушілері жолда мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және қауіпсіз қашықтықты ұстануға тиіс.
-
Жаяу жүргіншілердің жарақат алу қаупін азайту үшін абай болулары қажет.
-
Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөміріне хабарласу ұсынылады.
Оқи отырыңыз