ШҚО-да тұман күтіледі

"Қазгидромет" ШҚ филиалының мәліметінше, 18 ақпанда облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Өскемен қаласында түнде және таңертең көріну қашықтығы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Осыған байланысты жүргізушілерді дауылды ескертуді ескеріп, жолда сақтық шараларын ұстануға шақырамыз. Жылдамдық режимін сақтап, көліктер арасындағы қашықтықты арттырған жөн. Жаяу жүргіншілер де абай болғаны дұрыс. Тұман кезінде жарақат алу қаупін азайту үшін тайғақ жолда мұқият жүріп, көзге көрінетін киім киген жөн. Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласуға болады,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз