ШҚО-да 10 жаңа туристік бағыт пайда болады
Жаңа бағыттар мемлекеттік табиғи қорығы аумағында ашылады. Алдағы уақытта қосымша туристік соқпақтар өзге де қорықтар үшін әзірленетін болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Биыл біз қолданыстағы соқпақтар мен бағыттарға түгендеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев. – Қазіргі кезде Марқакөл қорығы аумағында он туристік соқпақ ұйымдастыру жөнінде келісім бар. Экология министрлігімен тиісті келіссөздер жүргізілуде. Мұның бәрі – Марқакөл қорығының туризм саласында қарқынды дамуына және туристер үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа бағыттардың ашылуы бұрынғы соқпақтардың ұмытылатынын білдірмейді. Керісінше, қазіргі қолданыстағы бағыттар одан әрі дамытылады.
– Қазіргі бар соқпақтар өз тиімділігін дәлелдеді. Біз оларды одан әрі дамытып, жақсарта түсеміз, – деп атап өтті Ардақ Мәдиев. – Біз соқпақтар санын арттырып қана қоймай, сапасын да көтеруіміз керек. Олар қолжетімді болып, өлкеміздің сұлулығын тереңірек танытуға тиіс.
Елизавета Седых
Фото: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз
Марқакөл мен Қанас көлі: 316 шақырымдық туристік бағыттың болашағыРиддерде - SPA-курорт, Катонқарағайда - шаңғы курорты, Марқакөлде санаторий - КХР ұсынысыШҚО мен Қытай арасында трансшекаралық туристік бағыт ашылмақЕліміздегі ең үздік туристік ауылды көріп қайттыШҚО-ның туристік әлеуеті өңірдің дамуына оң ықпал етуде