KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Риддерде - SPA-курорт, Катонқарағайда - шаңғы курорты, Марқакөлде санаторий - КХР ұсынысы

Бүгін, 11:30 50 Айжанат Бақытқызы

Өскеменге қытайлық туристік компания өкілдері келіп, жергілікті туризмнің әлеуетімен танысып, жеке ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Басқосуға Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданындағы туристік компания өкілдері қатысты. ШҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев мұндағы мақсат – трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту және туризмді көркейту екенін алға тартты. 

"Риддерде көп функционалды SPA-курорт пен туристік-рекреациялық орталық ашу жоспарланып отыр. Ал Марқакөл ауданында санаториялық-сауықтыру кешенін салу мен Катонқарағай ауданында тау-шаңғы курортын ашу ойда бар", – деді Ардақ Мәдиев.

Синьцзян Алтай туристік компаниясының өкілі Го Шаоцзян визасыз режимнің тиімділігі – туристерді көптеп тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

"Шығыс Қазақстан облысына ақпараттық турмен келдік. Делегация құрамында туристік операторлар бар. Олар осы өңірдегі туризмді дамытуға ниетті. Мәселен, Қанасқа баратын туристерді Шығысқа тартуға болады. Өскемен – тарихи қала. Бізге өте ұнайды", - деді Го Шаоцзян.


                                                                                                                                                          Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив