KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

ШҚО мен Қытай арасында трансшекаралық туристік бағыт ашылмақ

15.06.2024, 12:30 192 Назерке Каримова

Ұзындығы 316 шақырымға созылатын туристік бағыт ШҚО-ның Марқакөл көлі мен Қытайдағы Канасты жалғайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Болашақта дамыту жоспарланған ШҚО мен Қытай арасындағы трансшекаралық туристік бағыт туралы Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен жиында облыс басшысы Ермек Көшербаев айтты.

ҚХР-дағы «Қазақстандағы туризм жылы» аясында ШҚО делегациясы Бейжіңдегі ірі туристік форумға қатысты. Бұл жерде шығысқазақстандықтар қытай бизнесмендері мен туристік операторларға облыстың туристік әлеуетін кеңінен танытты.

- ҚР мен ҚХР арасында бекітілген визасыз режим туралы келісім нәтижесінде Қытай тарапынан келетін туристер саны артпақ. Сәуір айының аяғынан бері біздің өңірге Қытайдан ұйымдасқан туристік топтар өз көліктерімен келе бастады. Олардың кейбіреуі автокемпингпен саяхаттауды таңдайды. Сол үшін де туристік алаңдар мен тұрақтарды ұйымдастыру мәселесі пысықталуда, - деді Ермек Көшербаев.


ШҚО әкімінің сөзіне сүйенсек, ҚХР-дағы серіктестермен бірге ШҚО-ның Марқакөл көлі мен Қытайдағы Канасты жалғайтын трансшекаралық туристік бағыт жобасы бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде.

- Канас көліне жыл сайын Қытайдан 10 млн турист келеді екен. Теректі ауылы арқылы жаңа кедендік бекет ашылса, бұл туристердің бір бөлігін біздің облысқа тартуға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде өңірдегі шағын және орта бизнеске жаңа серпін бермек, - деді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.


Бұл туристік бағыт келушілерге бірден Марқакөл көлін, Ескі Австрия жолын көріп, «Берел» қорық-мұражайына баруға мүмкіндік бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу