Өскемен қаласында видеоаналитика көмегімен полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімді тапты
Шығыс Қазақстан облысының орталығы — Өскемен қаласында полиция қызметкерлері видеоаналитика жүйесінің көмегімен ата-анасының хабарынсыз ауылдық жерден қалаға келген 17 жастағы жасөспірімнің жүрген жерін анықтады. Ұлдарының жоғалуына алаңдаған ата-анасы полицияға жүгінген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Іздеу жұмыстары барысында қалалық бейнебақылау жүйесіне жасөспірімнің фотосуреті жүктелді. Нәтижесінде видеоаналитика оның қозғалысын тіркеп, проспект бойындағы камералардың бірі жасөспірімнің нақты жүрген орнын анықтауға мүмкіндік берді. Полицейлер жедел әрекет етіп, баланы ата-анасына тапсырды.
Бейнебақылау жүйесіндегі бет-әлпетті тану, қозғалысты қадағалау және көлік ағынын талдау функциялары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қылмысты «ізін суытпай» ашуда тиімді құрал екенін дәлелдеді.
Фото: ШҚО ПД