KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

Өскеменде тәртіп сақшылары жоғалған баланы тапты

Шартты сурет

3.04.2023, 17:13 263

Өскеменде полицейлер жоғалған 5 жасар баланы үйіне аман-есен қайтарды.

Бүлдіршіннің жүрген жерін полицейлер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы анықтаған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

2 сәуір күні Үлбі ПБ кезекші бөлімінің «102» арнасына жергілікті тұрғын хабарласып, баласының жоғалып кеткенін айтып, көмек сұраған. Аулаға ойнау үшін шыққан қызын әуелде өз бетінше іздегенімен, нәтиже болмапты.

Полицейлер хабар ала сала жақын маңдағы көшелер мен аулаларды шолып, тұрғындардан жауап алып, бейнебақылау жазбаларын тексерген.

– Нәтижесінде Өскемен қаласы ПБ жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері 30 минут ішінде жоғалып кеткен қызды көрші ауладан тапты. Полицейлер баланы ата-анасына аман-есен тапсырды, – деп мәлімдеді  Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив