ШҚО-да жыл басынан бері бейнебақылау жүйесі арқылы 147 қылмыс ашылды
Фото: egemen.kz
Өскеменде белгісіз адам жасөспірімді алдып, қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алып, қашып кеткен екен. Бұл туралы «102» арнасына жасөіспірім жарты сағат өткеннен кейін хабарлаған.
Полицейлер «Сергек» бейнебақылауының оқиға орнында түсірілген жазбаларын тексеріп, күдіктіні тапқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Полиция қызметкерлері күдіктінің әр әрекеті жазылған бейнебақылау жазбалалрын тексеріп, оның телефонды орталық базарға апарып сатып жібергенін анықтады. Күдіктіні сол жерде патрульдік полиция қызметкерлері ұстады.
Биыл бейнебақылау жүйесі арқылы 147 қылмыс ашылған. Оның ішінде 60 дерек ұрлыққа, 19 дерек көлік айдап әкетуге, 12 дерек тонауға, 9-ы бұзақылыққа қатысты, 45-і қалған қылмыстарға қатысты.