ШҚО-да жасөспірімді алдап, телефонын алып алған күдікті қолға түсті
Скринделген сурет
Жасөспірімнің айтуынша қала көшелерінің бірінде, белгісіз жігіт оған смартфонынан қоңырау шалып алуды өтінген. Артынша, телефонда алып қашып кеткен.
Тәртіп сақшылары оқиға орнындағы "Сергек" АБК бейнекамераларын карап, күдіктінің әрекеттерін кезең-кезеңімен анықтады. Белгілі болғандай, ол аз ғана уақыт ішінде телефонды сатып үлгерген. Ал, өзі таксиде жасырынып қалмақ болыпты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ағымдағы жылдың басынан бастап бейнежазбаның көмегімен 122 қылмыс ашылды, оның ішінде 48 ұрлық, 16 айдап әкету, 10 тонау және 8 бұзақылық.
Статистикалық деректер ЖБО жұмысының тиімділігі жоғары екенін көрсетті, өйткені бейнекамералардың болуы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.