KZ
Өскемен
-29°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
511.18 530.6 5.28

ШҚО полициясы мопед ұрлаған тұрғынды ізін суытпай анықтады

Фото: livekuban.ru

14.06.2024, 21:05 155 Айжанат Бақытқызы

Полицейлерге мопед ұрланғаны туралы өтінішпен Өскемен қаласының тұрғыны жүгінген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, таңертең белгісіз біреу жәбірленушінің подъезінің маңайында тұрған «KhanMoto» маркалы мопед көлігін қолды еткен.

Бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер ізін суытпай ұрының кім екенін анықтады. Ол 34 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты, кейін ол өз іс-әрекетін мойындады.

«Полиция қызметкерлері күдіктіден заттай дәлелдеме ретінде мопедті тәркіледі. Аталған  факті бойынша қылмыстық іс қозғалды»,-делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу