Өскеменде тағы бір жасөспірім жоғалып кетті
Өскемен қаласының тәртіп сақшылары 17 жастағы жасөспірімді іздестірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Балам 25 қыркүйекте Жарма ауданында тұратын әжесінің үйіне барған. Барған да, дереу кері қайтқан. Бірақ үйге оралмады, - дейді полицияға хабар берген жасөспірімнің анасы.
Хабар берілгеннен кейін тәртіп сақшылары жедел-іздестіру тобын жасақтап, жаяу және қызметтік көлікпен жасөспірімді іздеуге кіріскен.
- Қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмаған баланы Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ ювеналды полиция қызметкерлері тапты. Жасөспірім үйге қайтқысы келмегендіктен, серуендеп жүре тұрмақ болғанын айтты. Қазір оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, үйіне аман-есен жеткізілді, - деді қалалық полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.