KZ
Өскемен
-17°
снег жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

ШҚО тұрғындары етке жылына 442 мың теңге жұмсайды

pixabay.com

30.04.2025, 17:00 379 Әбішев Ержан

2024 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы бір отбасы орта есеппен жылына 2,9 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оның ішінде азық-түлікке 1,6 миллион теңгеден астам ақша кеткен. Соның 442 мың теңгесі – ет өнімдеріне. Бұл – тұрғындар ең көп ақша жұмсайтын тағам түрі.

Бұдан бөлек, бір жылда бір отбасы:

  • Нан мен жарма өнімдеріне – 207 мың теңге,
  • Сүт өнімдеріне – 176 мың теңге,
  • Жемістерге – 136 мың теңге,
  • Қант пен тәттілерге – 107 мың теңге,
  • Көкөністерге – 90 мың теңге,
  • Майға – 75 мың теңге,
  • Балық пен теңіз өнімдеріне – 87 мың теңге,
  • Жұмыртқаға – 32 мың теңге жұмсаған.

Үйден тыс тамақтануға шамамен 82 мың теңге, ал алкогольді ішімдіктерге 38 мың теңге кеткен.

Айта кетейік, бұл көрсеткіш бойынша ШҚО алғашқы үштікке енбеген. Тамаққа ең көп ақша жұмсайтын өңірлер қатарында Алматы, Павлодар және Қарағанды облыстары бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу