KZ
Өскемен
-3°
снег Штиль
503.44 593.35 6.55

Өскеменде жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылып жатыр

14.05.2025, 08:00 358 Гульжан Мусина

Өскемен қаласында жаяу жүргіншілер жолақтары тозуға төзімді суық пластикпен белгіленіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жолақтар ұзақ уақыт бойы өшпей сақталатын арнайы материалмен сызылып, жүргізушілер мен жүргіншілерге жақсы көрінуі үшін жасалып отыр.

– Бұл пластиктің басты артықшылығы – төзімділігі мен ұзақ уақыт бойы түсін жоғалтпай, жолда анық көрініп тұруы. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді, – дейді әкімдік өкілдері. 

Айта кетейік, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары қаладағы бірнеше көшеде кезең-кезеңімен жалғасады.

Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу