KZ
Өскемен
-12°
небольшой снег жел 9 м/с, СБ
517.66 606.49 6.44

Өскеменнің екі көшесінде жылдамдықты 40-тан асыруға болмайды

24.05.2019, 03:43 989

Өскеменнің кей көшелеріне «40-пен» жүру белгілері қойылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бірінші жол белгісі Карбышев-Севастопольская көшелерінің қиылысында тұр. Осы тұстағы жаяу көпірден Самал саябағына өтуге болады. Онда бағдаршам жоқ. Жаз мезгілінде жүргіншілер көп болады деп күтілуде.

Екінші белгі Энтузиастов көшесіне қойылды (Молдағұлова-Прииртышская көшелерінің аралығына). Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл көшеде бағдаршамсыз 4 жүргіншілер жолағы бар.

Аталмыш шаралар жаяу адамдардың қауіпсіздігі үшін істеліп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу