KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
503.44 593.35 6.55

Зайсанда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы биыл басталады

Фото: Altainews.kz

29.05.2025, 17:00 289 Гульжан Мусина

Зайсан қаласында жаңа спорт нысанының құрылысы биылғы жылы басталмақ, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданы тұрғындарымен кездесу барысында өңір үшін маңызды жобалардың бірі – дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДШСК) құрылысы жайында айтып өтті.

– Шығысқазақстандықтар үшін бұқаралық спортқа арналған осындай орталықтар аса қажет әрі үлкен сұранысқа ие. Сондықтан, Аэлита Ахметсәлімқызы, Зайсан қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастауды жеке бақылауыңызға алыңыз, – деді өңір басшысы аудан әкіміне нақты тапсырма жүктеп.

Жиын барысында жергілікті тұрғындар да бұл бастамаға қолдау білдіріп, жаңа спорттық инфрақұрылымның бой көтеруі салауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашатынын атап өтті.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу