KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Биыл Бозанбайда дене шынықтыру-сауықтыру нысаны ашылмақ

Бүгін, 12:20 0 Назерке Каримова

«Бозанбай ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысанындағы жұмыстар биыл аяқталмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жұмыс барысымен арнайы танысуға барған облыс әкімі Ермек Көшербаев аудан халқы үшін бұл нысанның іске қосылуы аса маңызды екенін алға тартты. Нысанға тапсырыс беруші - ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы.

Жобалық құны 570 млн теңгеден астам нысанның құрылысы 2021 жылдың мамырында басталған болатын.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне жаттығу залы, шағын футболға, волейболға арналған зал және 7 жұмыс орны ашылатын бокс залы кіретін болады.

Аталмыш нысанның құрылысын аяқтау - 2024 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив