KZ
Өскемен
-16°
туман жел 1 м/с, С
503.35 590.63 6.62

Фермерлерге жеңілдетілген несие: 490 млрд теңгеден астам қаржы берілді

Үкімет

15.08.2025, 19:00 263 Төлеуғазы Жансая

2025 жылы көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жылдық 5% мөлшерлемемен беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін фермерлерден 500 млрд теңгеге жуық сомаға 7 543 өтінім түскен. Оның ішінде 7 485 шаруаға 490,1 млрд теңге қаржы берілді. Бұл 7,8 млн гектар егістік алқабын қамтуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, кепілдік базасы жеткіліксіз фермерлерге қолдау көрсету үшін «Даму» қорының қарыздарға кепілдік беру бағдарламасы іске қосылған. Ол несие сомасының 85%-ына дейін жаба алады. Осы бағдарлама аясында 1 304 кепілдік беріліп, жалпы сомасы 192,2 млрд теңге несие рәсімделді.

Жыл соңына дейін жеңілдетілген қаржыландыру тетігі арқылы кемінде 8 млн гектар алқапты егіспен қамту жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу