Өскеменде автотұрақ тапшылығын шешу үшін жаңа бағдарлама дайындалады
Көрнекі фото. Сурет нейрожелінің көмегімен жасалған.
Өскеменде автотұрақ орындарының жетіспеушілігі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты қала әкімі Алмат Ақышов аппарат жиынында тиісті бағдарламаны 25 қыркүйекке дейін дайындауды тапсырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қазіргі таңда тұрғындар өз күштерімен тұрақ орындарын жасап, бөгде көліктердің кіруіне тосқауыл қойып жүр. Дегенмен бұл заңсыз болғандықтан, қала әкімдігі рейд жүргізіп, орнатылған трос пен кедергілерді алып тастауда. Мұндай шаралар кей тұрғындардың наразылығын тудырып отыр.
Әкімнің айтуынша, Өскемендегі көпқабатты үйлердің көпшілігі Кеңес Одағы кезінде салынған. Ол кезде бір подъезде бар болғаны бір көлік қана болатын, сондықтан тұраққа аса қажеттілік туындамаған.
Сонымен қатар әкім автотұрақ мәселесін шешу үшін аула ішіндегі тұрақ аймақтарын кеңейтуге бағытталған бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
Елизавета Седых