Өскемендегі «Самал» паркінде тағы бір автотұрақ ашылады
Өскемендегі «Самал» паркінде тағы бір автотұрақ ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Облыс орталығында жуықта ғана ашылған «Самал» саябағы әп-сәтте көпшіліктің көп келетін көңілді мекеніне айналғаны белгілі. Осыған орай қала билігі Октябрь аралының маңына тағы бір көлік тұрағын салуды жоспарлап отыр. Тағы бір дейтініміз, қазіргі уақыттың өзінде аталмыш паркте толық жақбдықталған үлкен тұрақ бар.
– Біз аумақты белгілеп қойдық. Келесі жылы «Самалда» 200 көлік сиятын автотұрақ ашылады, – деп мәлімдеді шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Оқи отырыңыз